Бүгін мектебімізде " Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдылықтары" тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңеске "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының аға оқытушысы Дигенова Б,К. қатысты.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібі:
1. "2025-2026 оқу жылында ҚР-ның жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы" әдістемелік нұсқау хатпен қысқаша таныстыру. Баяндамашы. Оқу ісінің меңгерушісі: Каирбаева Б.Ж.
2. "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының мәселелері. Баяндамашы - Тәрбие ісінің меңгерушісі: Азамат Құмарбекұлы
3. ЖИ қолданудың этикалық стандарты. Баяндамашы: Директордың ІТ жөніндегі орынбасары - Тлеубекова М.Е.
4. Мектептің жылдық жоспарымен таныстыру. Баяндамашы. Оқу ісінің меңгерушісі: Каирбаева Б.Ж.
5. Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы. Баяндамашы: Шаруашылық ісінің меңгерушісі - Сагатов Н.Ж. Жиналыс соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша шешім шығарылды.